14.08.2020, 9:54
Қараулар: 48
Карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Өткен аптада карантин шектеулерінің сақталуын қадағалайтын аудандық мониторинг тобы Тайпақ және Ақсуат, Алмалы ауылдарында болды. Әдеттегідей топ мүшелері азық-түлік дүкендерінің санитарлық талаптарға сай қызмет етуін тексеріп, ауыл тұрғындарына ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Тексеру нәтижесінде Тайпақ ауылындағы екі дүкен, Ақсуат ауылына қарасты қоғамдық тамақтандыру нысанында заңбұзушылықтар анықталды. Арнайы топ осы кемшіліктерді фото мен бейнекамераға түсіріп, аудандық тауарлар және көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберді.

Ләззат ӨТЕГЕН.