14.08.2020, 10:09
Қараулар: 120
Абайдың өсиеті – жастарға ұлағат

Абайдың өсиеті – жастарға ұлағат

Биыл еліміздің күнтізбесінде атауыл жаңа күн белгіленіп, 10 тамыз ұлы ақын, дара ойшыл Абайдың күні болып жарияланды. Сүйінші хабарды барша қазақ халқы қуана қабылдады. Хакім Абайдың мол мирасын, оның шынайы асқақтығын ұлықтау бір күнмен шектелмесі аян. Дегенмен Абай тағлымына бүкіл қазақтың бас иетін күнін айғақтап, ресми қабылдануы  келешек ұрпаққа ғибрат етілуінің бір кепілі.

Абай қазақ халқының дамуы үшін, оның басқа елдер қатарына жетуі үшін сол кездегі жағымсыз әдеттер – өсек, өтірік, мақтаншақ, бекер мал шашпақ тәрізді елді аздыратын мінез-құлықты әшкерелеп, көпшілікті сақтандырмақ болғаны  ел ертеңі жастардың бойына адамгершіліктің асыл қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етері сөзсіз. Адам болам десең, байлықпен озбай ақыл, әділеттілік, ғылым, ар, жақсы мінезбен оз дейді. Қазақ қоғамында жан-жақты жетілген адамды арман ете отырып, оның мінезді болуына, мінездің әлеуметтік өмірдегі қызметіне айрықша мән береді. Өз мінін көре алмаған халықтың дамуға ұмтылмайтынын жазса, бүгінде де осы ой өзектілігін жоймағаны анық.

Абай тағылымы арқылы біз рухани мұраларды сіңіріп, ізгіліктің, адамгершіліктің дәнін алуымыз қажет.  Себебі ұлы дана мұрасы білім, ғылымның ғана көзі емес, оның тағылымы — тәрбиенің де қайнар бұлағы. Мына өтпелі дәуірдің кейбір келеңсіз жағдайларынан біз секілді қыз-жігіттердің аулақ болуының бірден-бір кепілі — Абайға жүгіну, Абайға үңілу дер едім. Абай мұраларын тану — қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлете отырып, ұлылар үлгісі арқылы тағлым алып, егемен еліміздің ілгері дамытудың шамшырағы. Ұлы дананың қай еңбегін оқымайық, ол ақыл — нақылға, тағылымға толы. Әсіресе, қазір күн тәртібінде жан-жақты дамыған тұлға ретінде жетілуімізге Абай мұрасы ықпал ететінін уақыттың өзі дәлелдеді.

Анель ЖОЛДАС,

студенті

ЧАПАЕВ