21.08.2020, 9:44
Қараулар: 45
Жаңа жанармай бекеті ашылды

Жаңа жанармай бекеті ашылды

ҚР Конституция күніне қарсаңында «Sinooil» жанар – жағармай автобекеті ашылды. Орал-Атырау тас жолының Чапаев ауылың тұсында орналасқан автобекеттің жалпы көлемі 4988 шаршы метр. Құрылыс жұмыстары 2019 жылдың көктемінде басталған нысан, ауданымызда сегізінші болып іске қосылды.

Аудан басшысы Қалияр Айтмұхамбетов жаңадан бой көтерген бекетке  арнайы барды. Нысанның жұмысына сәттілік тілеп, ғимараттың лентасын салтанатты түрде қиып, істеріне береке тілеп, әр жолаушыға қалтқысыз қызмет көрсетеді деген сенімін білдірді.

Бекеттің иесі оралдық «ГРАНТ-АКТИВ» ЖШС   Алтынбек Ташимов 340 млн. теңге инвестиция салған.

Жеке кәсіпкерліктің дамуы жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуға оң ықпал етері сөзсіз. Айталық, мұнда аудан орталығының 21 жергілікті тұрғыны қызметке орналасқан. Нысан тәулігіне 250 автомобильге қызмет көрсетуге қауқарлы.  Жолаушыларға АИ-95, АИ-92 сапалы бензині,  дизель отыны ұсынылады. Сонымен қатар осында шағын маркет, фастфуд желісі, кофезал жұмыс жасайды. Бекеттегі дәл қазіргі бағаларға тоқталып өтсек, АИ – 92 бензині 144, АИ – 95 170 теңге және дизель  отыны 182 теңгеден сатылуда

Ләззат САМАТҚЫЗЫ