21.08.2020, 9:56
Қараулар: 61
Тұрғындарды қабылдады

Тұрғындарды қабылдады

Өткен аптаның жұмасында  аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов тұрғындарды онлайн қабылдады. Қабылдауға алдын-ала ауданның 9 тұрғыны жазылған.

Олардың басым бөлігі тұрғын үй,  балаларына көмек және  қашықтан білім алу үшін компьютерлік жабдықтармен қолдау көрсету бойынша хабарласты.

Аудан әкімі мәселелерді бақылауға қойып, тиісті мекеме басшыларына тапсырма берілетіндігін және нәтижесі қосымша хабарланатындығын жеткізді.

Сондай-ақ аудан басшысы Тайпақ ауылдық округінде болып, осындағы мектептердің жаңа оқу жылына дайындығымен танысты. Сонымен қатар Томпақ, Шабдаржап елді мекендері және округ орталығында тұрғындарды қабылдады.

Қабылдауда 42 тұрғыннан  түскен сауалдардың көбісі жұмыспен қамту, мал азығының тапшылығы, тұрғын үй құжаттарын рәсімдеудегі кедергілер және қашықтықтан оқытуға дайындық жөнінде болды.

Өз тілшіміз