21.08.2020, 10:12
Қараулар: 41
Оқырман жүрегіне жол тапқан

Оқырман жүрегіне жол тапқан

Халық қазынасы кітап десек, сол рухани қазынаның сақталып, оқырмандарға жол тартатын киелі орны – әрине кітапхана. Бүгінгі таңда ауданда кітапхана жұмысының ауқымы кеңіп, модельді түрде қызмет жасай бастады. Осындай рухани орда біздің Алмалы ауылдық округінде де бар. Сол жерде талмай еңбек етіп келе жатқан моделді кітапхананың меңгерушісі Дархан Қапатаеваны баланың да, ересектің де жүрегіне жол таба білетін маман десем, артық айтқаным емес.

Індет ылаң салған мына кезеңде біздің кітапханаға да уақытша жұмысын шектеуге өз жұмысын шектеуге тура келді. Бірақ Дархан ғаламтордың бар мүмкіндіктерін пайдаланып, қызметін онлайн жүргізді. Осылайша оқырмандарымен байланысты үзбей, тіпті жарыс-байқауларды да ұйымдастыруда. Менің 5-сынып оқитын ұлым Аңсар мен 2-сынып оқитын қызым Жанбота қашықтықтан оздырылған осындай жарыста оза шауып, облыс, республикалық кезеңдеріне жолдама алды. Ол, әрине, осы сайыстарға дайындап, талмай ізденген кітапханашымыз Дарханның еңбегі деп білемін. Ендеше Дархан Мүсенқызына барша оқырмандары мен ата -аналар атынан еңбегіне үлкен жетістік тілеймін.

Ұлпан СЕРІКОВА

ата-ана

Алмалы ауылдық округі