11.09.2020, 9:35
Қараулар: 47
Қораң шөпке толды ма?

Қораң шөпке толды ма?

Биылғы құрғақшылықтың салдары аудан шаруаларына біраз зардабын әкелді. Бір сұйық шыққан шөпті қармаса, енді бірі ауданнан тыс шабындықтарды жалға алып, мал азығын қауырт дайындауда. Бар ойы – ертең-ақ қылышын сүйретіп жетіп келетін қысқа тап-тұйнақтай дайын отыру. Малы бардың әлі жеткені орып та, сатып та алары, ал дәрмені аздар қайтпек?! Аудан басшысы ең алдымен жағдайы төмен, соның ішінде атаулы әлеуметтік көмектің қаржысына малданған отбасыларды мал азығымен қамтамасыз етуді тиісті мекеме-ұйымдарға тапсырып, осы мәселені күн тәртібінен түсірмей отыр. Берілген тапсырманың орындалуы жөнінде біраз ақпарат берсек.

Аудандық ауыл шаруашылығынан алынған мәлімет бойынша ауданда 84 отбасы атаулы әлеуметтік көмектің қаражатымен малданған 84 отбасы болса, олардың иелігінде 2 жылқы 55 ірі қара, 377 бар. Болжалды есеппен алғанда, 144,1 тонна мал азығы қажет деп тұспалдайды мамандар.

Редакцияға жолданған деректерге сүйенсек, дәл бүгінге олардың 51-і шөппен толық  қамтылған, 3 жанұя жартылай қамтылған. Дәлірек айтсақ, 2 жылқы, 30 ірі қара, 186 қой-ешкіге жетерлік 79,3 тонна жем-шөп түсірілген. Округ әкімдері алдағы уақытта да ауыл азаматтарына қолдау көрсетіп, демеушілердің есебінен болса да, жем-шөппен қамтуды қаперден шығармаса, малды ағайынның қыстан қиналмай шығатыны анық.

Әсем ЕСБЕК.