11.09.2020, 10:31
Қараулар: 37
Қайырымды жүректен

Қайырымды жүректен

«Мектепке жол» акциясын  қолдағандардың қатары Ақжол ауылында қалың. Мұнда мектептің 2011 жылғы түлегі Әлішер Мағзомов 20 мың теңге ақшалай көмегін ұсынса, жеке кәсіпкер Ханифа Даулетиярова 15 оқушыны оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Кәсіпкер Әлия Өтепова бір оқушыға мектеп формасымен жәрдем етсе, «Ақбұлақ» шаруа қожалығының жетекшісі Дәметкен Бисенғалиева бір отбасыны компьютермен қамтамасыз етіп, алғысқа бөленді. Сондай-ақ ауыл азаматтары Мұрат Ирмағанбетов, Берік Есентаев, Сүлеймен Тоқтаров, Сабыржан Қасенов, Байболат Сұлтанғалиев, Нұрлан Өтесбаев және мектеп ұжымы «Мектепке жол» акциясына өз үлестерін қосты. Атаулы әлеуметтік көмек алатын 2 отбасының 3 баласына аудандық білім бөлімінен 75 мың теңгенің оқу құралдары мен мектеп формасы жеткізілді. Аз қамтылған отбасылардың 67 оқушылары да қажетті оқу құралдары мен киім-кешекпен қамтылды.

Игі бастамаға тұрақты қол ұшын беріп келе жатқандармен қатар жаңадан жаршы болғандарға айтар алғыс шексіз. Әрдайым істеріңіз оңға басып, жасаған жақсылықтарыңыз еселеп қайтсын дейміз.

Айжан СӘРСЕНБАЕВА,

директордың тәрбие -ісі жөніндегі орынбасары

АҚЖОЛ