16.09.2020, 15:56
Қараулар: 56
Тұмауға қарсы екпе

Тұмауға қарсы екпе

Тұмау ауруының өршуі күз-қыс айларында байқалады. Вакцинациялау жыл сайын жергілікті бюджет есебінен жүзеге асады. Бұл екпе медициналық қызметкерлеріне, тәуекел тобына жататын 60 жастан асқан адамдарға, диспансерлік есепте тұрған және әлсіз балаларға, 6 айдан асқан аурушаң сәбилерге, балалар және қарттар үйін мекендеушілерге, мүгедектер мен жүктіліктің екінші немесе үшінші кезеңіндегі әйелдерге тегін жасалады.

Екпе – тұмаудың алдын алудағы бірден-бір тиімді шара. Егер тұмау белгісі білінген адам дәрігерге уақытында қаралмаса, дерт өрши түседі. Оның соңы пневмония, ринит, синусит, бронхит, отит сықылды ауру сырқаудың белең алуына және жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылуына әкелуі мүмкін. Сондай-ақ тұмаудың асқынуы миокардит пен перикардиттің кесірінен, жүрек ақауына ұрындырып, бүйрек қызметінің бұзылуына, менингит және энцефалит ауруына ұшыратуы ықтимал. Ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен бастап тұмауға қарсы вакцинация басталатынын хабарлаймыз.

Демек дер кезінде тұмауға қарсы екпе алғаныңыз жөн.

Екпеден кейін екі апта ішінде қалыптасып, қорғаныш қасиетін жыл бойы сақтайтын аталмыш ем-дом шарасы, сондай-ақ ақылы түрде де жасалады.

Гүлсая Оразбайқызы 

Ақжайық аудандық ТКҚСҚББ жетекші маманы 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар