18.09.2020, 9:47
Қараулар: 36
Сенбілікке шық білек түріп

Сенбілікке шық білек түріп

Жұбан тойына санаулы күндер қалды. Тойға келген қонақтар алдымен ауылдың ажарына, келбетіне қарап, азаматтарының тұрмысына, бақуаттылығына бағасын беретіні анық. Сондықтан ауыл-ауылдарда тазалық шаралары ұйымдастырылып, елдің елдігін танытуға бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Өткен сенбіде аудан орталығында өткен сенбілікке мекемеме мен кәсіпорындар ұжымы жұмыла шығып, Жайық жағалауын, Бәйгетөбе алаңын күл қоқыстан тазартты «Мұнай базасы» шағын ауылынан басталған тазарту жұмыстары толықтай аяқталып, ауылдың шетқары аймақтарын да қамтыды. Сенбілікке 4 техника, 2 трактор мен 2 КамАЗ көлігі тартылып, 400 ге тарта адам атсалысқан .Бұл жолы 18 тоннаға жуық күл-қоқыс қалдықтар арнайы полигонға шығарылды. Сенбіліктер алда да жалғасын табады.

Әсет БИСЕНҒАЛИЕВ