18.09.2020, 9:48
Қараулар: 45
«Учаске» шарасы өтуде

«Учаске» шарасы өтуде

Аудандық №2 пробация қызметі және Тайпақ полиция бөлімі 7 қыркүйекте басталған «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасына байланысты қоғамнан оқшаулаусыз сотталғандар арасында жаза өтеуден жалтарған және іздеудегі адамдарды анықтау, сондай-ақ пробация қызметін есебінде тұрған тұлғалар тарапынан жасалатын қайта қылмыстарды алдын алу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.. Мұндағы мақсат — әкімшілік учаскелерде құқық бұзушылықтардың алдын алу, оның ішінде экстремизм мен терроризм фактілерінің көріністеріне жол бермеу, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен мен беделін арттыру бойынша шараларды күшейту. Алдын алу бойынша шаралар легі желтоқсанға дейін жалғаспақ.

Қазіргі таңда пробация қызметі әр түрлі қоғамдық мекемелермен бірлесіп, есепте тұрғандардың жұмысы және аула бойынша толық тексеру, әкімшілік деректер базасы және ішкі істер органдарының басқа да есептері бойынша тексеруде. Сонымен қатар сотталғандарға ҚР ҚК-нің 72- бабы 3-бөлімі бойынша егер сот адамның түзелуі үшін тағайындалған жазаны толық өтеуі қажет етілмейді деп танитын болса, сот бас бостандығын шектеуді немесе бас бостандығынан айыруды өтеп жатқан адамды жазасын өтегеннен кейін шартты түрде мерзімінен бұрын босатуы мүмкіндігі бар екендігі жөнінде ақпарат берілді.

ҚР ҚК-нің 64-бабы 1-бөліміне сай егер шартты түрде сотталған адам пробациялық бақылау мерзімі өткенге дейін өзінің түзелгенін дәлелдесе, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын органның ұсынуы бойынша сот шартты түрде соттаудың күшін жою туралы және сотталған адамнан сотталғандықты алып тастау туралы қаулы шығара алады. Бұл ретте шартты түрде соттаудың белгіленген мерзімінің кем дегенде жартысы өткен соң, оның күші жойылуы мүмкін, жаза өтеу мерзімінен бұрын шартты түрде босатылуларына мүмкіндіктері бар екені түсіндірілуде.

Әліби КЕҢЕС,

№2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің аға инспекторы, әділет аға лейтенанты