18.09.2020, 10:27
Қараулар: 72
Ауыл – елдігіміздің тұғыры

Ауыл – елдігіміздің тұғыры

Президентіміз  Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Қазақстан халқына, «Жаңа жағдайдағы Қазақстан іс қимыл кезеңі» атты жолдауын жария еткені белгілі.  Жолдауда Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы шаралардың екі топтамасы қабылданғанын айтты. Елдегі жағдайларға байланысты карантин кезінде,уақытша табыссыз қалған жандарға 42500 теңге көлемінде көмек беріліп,оған 450 милиард теңгеден астам қаражат бөлінгенін нақтылап айтты. Милионнан астам адам азық түлікпен қамтамасыз етілген. Бұл да болса, мемлекетіміздің басты байлығы – ел тұрғындарына қамқорлығының айғағы. Тіпті дамыған елдердің өзінде талай жұмыс орындары қысқарып, бірқатар нысандар жабылғанда, біздің елімізде бірде-бір жұмыстың жабылмай, қайта кәсіпкерліктің тұралап қалмауына барынша екпін берілуде.

Ауылдағы басты мәселе – жер мәселесі. Кең байтақ жерімізден тілеген ағайынға бір тұтам жердің бұйырмауы бағытындағы әңгімелердің осы Жолдауда шешімін тапқаны қуантады. Осыған байланысты Жер кодексінің кейбір бағыттарына байланысты жарияланған мораторийдің күшін жоятындығын жеткізді Президентіміз. Содан соң барлық ауылдар, елді мекендерді әлеуметтік маңызы бар азық-түлікпен үзбей қамтамасыз етіліп отырумен қатар  елдегі жұртты жаппай жұмысқа тарту мен олардың еңбек табысын мейілінше молайту жағы қарастырылады деп нығыздап тұрып айтты.

Мемлекет басшысының өз халқына жолдаған осы жолдауының,ауылдарға арналған бөлігінде бірқатар өзекті мәселелерді бұғып қалмай, ащы да болса, шындықты айтқаны көңілімізге қонды. Бұға бергеннен мәселе шешіле қалса, кәні, дұрысы осылай ашық жарияланып, олқылықтың орнын толтырудың жолын іздеуде. Сонда ғана көзден таса, шалғайда отырған біз секілді ауылдардың бағы жанып, тірлігі өрге озары кәміл.

Біздің де арман мен мақсатымыз осы –шағын ауылдардың еңсесін тіктеп, даму жолына түссе деген ой. Ол үшін барлығымыз Жолдауда көтерілген ауылға қатысты әрбір мәселеге үн қосып, оның жүзеге асуына атсалыссақ, нұр үстіне нұр. Ел аман, жұрт тыныш болсын!

Ерболат БАЙЖИЕНОВ

«Жайықтехсервис» мемлекеттік кәсіпорынының  су мұнарасының операторы,

БАЗАРШОЛАН.