20.10.2020, 14:32
Қараулар: 48
Цифрлық хабар таратуғакөшу – заманталабы Қазақстандықтар жоғары сапаны таңдайды

Цифрлық хабар таратуғакөшу – заманталабы Қазақстандықтар жоғары сапаны таңдайды

 Бүгінде өмірімізді негізгі ақпарат көздерінің бірі болып табылатын теледидарсыз елестету қиын. Телехабар тарату саласы заман талабына сай жаһандық өзгерістерге ұшырауда. Яғни телевизия келбеті толығымен өзгермек.

Мұны Қазақстанның әрбір азаматы түсінеді. Заманауи өркениеттің жаңалықтарын қабылалып, өміріңізді ыңғайлы, әрі «жетілдіре» ете түсу бір бөлек. Ал  қарқыны қатты технологиялық прогреске үрке қарап,  технологияның қазіргі тенденциясын жоққа шығарып, оданаулақ болу басқа әңгіме.  Кезкелген жаңа үрдіс, сонны құбылыс адамзатқа нақты пайда әкелмейінше, қорқыныш пен сенімсіздік тудыратыны белгілі.

Аналогтық телехабар таратуды цифрмен ауыстыру – бұл әлемдік процесс, жәнеҚазақстан «цифрлық» кеңістікті қарқынды дамытуда. 2012 жылдан бастап ел халқының 89% -дан астамы цифрлық форматқа көшті.

Қазақстандықтар «цифрдың» артықшылықтарына баға беріп қойды, әрі олтүсінікте де.  Десе де, алдымен аналогтық хабар тарату жүйесінің неліктен ескінің сарқын шағына айналғанын анықтап көрейік.

Аналогтық сигнал сыртқы әсерге тәуелді, кейде хабар жоғалып кетуі мүмкін, оны антенаның көмегімен ұстап алуға болады. Мұндай телехабар тарату жүйесінің кемшілігі – сигналдың әлсіздігі сурет пен дыбыс сапасының нашарлауына әкеп соқтырады. Нашарауа-райында — жел, жаңбыр, найзағай кезінде- сигнал нашарлайды, және көрермен кескінді бұрмаланған дыбыс, немесе мүлдем дыбыссыз алады. Хабар тарату сапасына телестанцияның қамту аумағы да әсеретеді. Сигнал көзі мен теледидар арасындағы арақашықтық неғұрлым алыс болса, соғұрлым оның сапасы нашарлайды.

Бұрын аналогтық теледидар цифрлық телевизия пайда болғанға дейін телехабар таратудың жалғыз әдісі болатын. Ол аналогқа қарағанда жоғары қорғаныс пен сапалы сигналға ие, әрі қабылдау қашықтығы анағұрлым ұзақ. Цифрлық сигнал кедергіге төзімді және көрерменге өзінің бастапқы түрінде, шу мен бұрмаланусыз, тіпті шалғай орналасқан елдімекендерге де жете алады.

Цифрлық телевизиялық хабарды дамыту қолжетімді бағдарламалардың санын көбейтеді, интерактивті хабар таратуды енгізіп, халыққа қосымша қызметте рұсынады. Бұл, соныменқатар, халықты көп бағдарламалық телехабарлармен қамтамасыз етуге, елдің барлық тұрғындарына ақпараттық ресурстарға қолжеткізіп, теледидар бағдарламаларының бейнесі мен дыбыс сапасын жақсартуға септігін тигізеді.

Бұл жаңа дәуірдің пайда болу сәті, әрібіз осындай таңғажайып өзгерістің куәсі ғана емес, тарихи процестің белсенді қатысушылары болып табыламыз.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар