26.10.2020, 11:06
Қараулар: 53
Жастармен онлайн жүздесті

Жастармен онлайн жүздесті

Аудандық мәслихат депутаты Светлана Оразова аудан жастарымен онлайн форматта жүздесіп, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдаған «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» Жолдауын түсіндірді.

Светлана Қошанқызы баяндама барысында Жолдаудың басым бағыттарына нақты тоқталып, ауылдың тірлік-тынысын өркендетуге бағытталған жаңалықтар жайында өз ойларын жеткізді. Онлайн-кездесуде Еріктілер жылында атқарылған жұмыстар легі турасында сөз болып, індеп бүкіл әлемді тықсырған бүгінгідей күндерде жүректің қалауымен мұқтаж азаматтарға көмектерін көрсеткендерге ризашылық білдірілді. «Президентіміз осы Жолдауда осындай қиын кезеңде елдің жағдайына бей-жай қарамаған жанашыр жандардың ісін елжандылықтың шынайы үлгісі деп айрықша атап өтті. Біздің ауданда еріктілердің басым бөлігі – жастар. Сондықтан ел игілігіне атқарған әрбір ісіңізге сәттілік серік болсын», — деді аудандық мәслихат депутаты.

Кездесу соңында жастар сұрақтарын қойып, Жолдау жүктеген міндеттерді талқылады.

Әсел САҒЫН