26.10.2020, 15:43
Қараулар: 57
Бала отпен ойнамасын

Бала отпен ойнамасын

Бүгінде карантин талаптарына сай мектеп жасындағы балалар қашықтан білім алып, үйде отыр. Сондықтан  олардың қауіпсіздігіне аса көңіл бөлу қажет. Балаларға үйде жалғыз қалғанда, отпен ойнамауға кеңес беріп, өрт қауіпсіздігі ережелерін ұғындыру қажет.

Осы орайда ескертеріміз, бар бәленің бастауы – сіріңке баланың қолы жете бермейтін орындарда сақталғаны дұрыс. Электр құралдарын шама келгенше ток көздерінен ажыратып, газ плитасының сөніп тұруын қаперден шығармаңыз. Бұдан басқа көпқабатты үйдегі терезелердің жабық тұрғанын үнемі қадағалап отырсаңыз, артықтық етпейді.

Балалардың отпен ойнауын және өрт кезінде балалардың қаза болуын болдырмау үшін ата-аналардың тарапынан қатаң қадағалау қажет, әсіресе кішкентай бүлдіршіндерге және қауіп төндіретін заттарға көңіл бөліңіз. Егер сіз балаңыздың сіріңкемен немесе тұтатқышпен ойнап жатқанын байқап қалсаңыз, мұның қаншалықты қауіпті екендігін түсіндіріңіз.

Балалар отпен ойнамас үшін не істеу қажет:

-сіріңке және оттықты қолжетімсіз және сенімді жерде сақтаңыздар, балалар жоғарыға мініп алу керек болса да, оларды алудың жолын табады;

-балаға от ойыншық емес екендігін, жылыту және тамақ дайындау құралы екендігін және осы құралдарды үлкендер жауапкершілікпен және қауіпсіздік шараларын сақтай отыра, қолданатынын ұғындырыңыз;

-кішкентай балалард тауып алған сіріңке немесе оттықтарды сізге беріп, үйретіңіз, оларды жауапкершілік сезімін танытқаны үшін мақтаңыздар;

-балаларды «101», «112» ТЖ қызметін шақыруды, телефонда теруді үйретіңіз; үлкендер балаларға тұрақты қарап отыруы қажет, аз уақыт болса да оларды жалғыз қалдырмауға тырысыңыздар. Егер балаларыңыз өрт қауіпсіздік ережелерін сақтасын десеңіз, алдымен өздеріңіз оны сақтап, үлгі көрсетіңіз. Есте сақтаңыздар: баланың өмірі мен қауіпсіздігі Сіздің қолыңызда!

Арыстан НИЯЗОВ,

кәсіби тәжірибеден өтуші