26.10.2020, 15:46
Қараулар: 85
Жерлестердің ыстық ықыласын жеткізді

Жерлестердің ыстық ықыласын жеткізді

Жыл сайынғы қайырымдылық айлығына байланысты, құрамында жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, мүгедектер қоғамы филиалы өкілдері бар аудан делегациясы Оралдағы облыстық қариялар үйіндегі, Круглоозерное, Дариян және Көшім кенттеріндегі психоневрологиялық мекемелердегі ақжайықтықтар арасында болып, жерлестердің ыстық ықыласын жеткізді.

Байырғы дәстүрге сай, бұл сапар барысында ауданымыз ауылдарынан қазір аталған мекемелерде тұрып, емделіп жатқандармен емен-жарқын әңгіме болды. Қариялар үйіндегілермен жүздесуде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Жанна Нұржанова оларды Ақжайықтың тыныс-тіршілігімен кеңінен таныстырды. Делегация бұл үйдегілердің тұрмысымен жан-жақты танысты. Осыдан соң ата-әжелерге сыйлықтар тапсырылды. Жерлестеріміз ауданның мәдениет қызметкерлері, көркемөнерпаздары концертін онлайн тамашалады. Аталған басқа мекемелердегі емделушілермен де осындай дидарласулар өтті, сыйлықтар тапсырылды.

Айта кету керек, осыған дейін қайырымдылық айлығы аясында аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов аудан орталығындағы  «Ақжайық» арнаулы қызмет көрсету мекемесінің қызмет алушыларын мерекемен арнайы барып, құттықтады.

Әсем ЕСБЕК