2.11.2020, 9:22
Қараулар: 27
Мониторингтік топ назарында

Мониторингтік топ назарында

Жақында Аудан әкімі аппаратының төтенше жағдайлар және хұқық қорғау органдарымен жұмыс бөлімі, «Ақжайық-Адалдық алаңы» штабының мүшелері, сондай-ақ ішкі істер бөлімі қызметкерлерінен құрылған мониторингтік топ аудан мекемелерінде карантин талаптарының сақталуын бақылауға шықты.

Алдымен олар аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімшесінде болып, осындағы ахуалмен танысты. Сонымен қатар олар халық көп шоғырланатын мекемелер: халыққа қызмет көрсету орталығы, почта торабы, ұлттық банк мекемелеріндегі жағдайды барлап, осындағы азаматтарға бет перде тағу, ара қашықтық сақтап тұру, ғимарат ішінде бес адамнан артық болмау қажеттігін ескертті. «Сақтансаң сақтармын»-деген баршаңызға да белгілі елді дүрліктірген ауыр дерт ағайынды әуреге салды.

Бұл қызмет орындардың барлығында да өрескел қателіктер тіркелген жоқ. Аталған топ мүшелерінің назарынан басқа да ұйым мен мекемелердегі ахуал тыс қалмайды.

Асыл ҚАЙРАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар