2.11.2020, 9:26
Қараулар: 106
Шарапат пен шуақ төгілген  күн

Шарапат пен шуақ төгілген  күн

Биыл сегізінші жыл қатарынан  28 қазанда  әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің мерекесі тойланды. Биыл да дәстүрге сай аудан әкімдігінде барлық санитарлық талаптар ескеріліп, сала қызметкерлеріне қошемет көрсетілді.

Жиналғандарды аудан әкімінің орынбасары Ердос Үмітов құттықтады. «Жауапты сала – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің еңбегі аса ауқымды. Сіздер дүниеге келген сәбиден бастап, ақылман қарияларға дейін қамқорлық көрсетіп, өз қызметтеріңізді адалдықпен атқарып келесіздер. Себебі әрқайсымыздың өміріміздің сапасы, әлеуметтік тұрақтылық пен қоғамның молшылығы көп жағдайда әлеуметтік қорғау саласының даму деңгейіне тікелей байланысты. Бүгінде ауданда бұл бағытта түрлі салалық бағдарламалар бойынша кең ауқымдағы жұмыстар жүзеге асырылуда. Бәрі де көзге көрінбейтін, шыдамдылық пен төзімділікті талап ететін жұмыстар. Әрі олар жеміссіз де емес. Бұл   жұмыстардың қарқынын арттыруға үлес қосып жүрген сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтап, еңбекте табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз. Мерейлеріңіз арта берсін»

деген ол алдымен үздіктерге  марапат пен алғыс хат табыстады.

Мерген ауылының әлеуметтік қызметкері Майра Бисалиева, арнаулы қызмет көрсету орталығының диеталық тамақтану жөніндегі мейірбикесі Алтынай Сатыбалдиева облыс әкімінің Алғыс хаты табысталса, халықты жұмыспен қамту орталығының директоры Бақтыгүл Ержанова,  Чапаев ауылының әлеуметтік қызметкері Бияш Ахметова, Тайпақ ауылының әлеуметтік қызметкері Балсұлу Боқашева, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің кеңесшісі Айдана Жазықбаева,  халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Ақсамал Таспаева,  арнаулы қызмет көрсету орталығының психологы Әсемгүл Қашқынбаева, осы орталықтың терапевті  Гүльфайруз Хамзина Батыс Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының марапатына ие болды. Сондай-ақ облыстық мемлекеттік мекемелер қызметкерлері салалық кәсіподақтың грамотасын Чапаев ауылының әлеуметтік қызметкері Қалила Мұқанғалиева алды.

Әлеуметтік салада еңбектері еленген бірқатар маман аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды. Салтанатта аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы  Жанна  Нұржанова әріптестерін құттықтап, өзінің сый-сияпатын ұсынды. Сонымен қатар осы салада сан жылдар еңбек еткен еңбек ардагерлері де елеусіз қалмай, Мақпал Жұматаева мен Мұхсина Айтуароваға тарту  табысталды. Осындай марапатқа толы мерекелік шарада еңбек ардагері М.Айтуарова және А.Жазықбаева ризашылықтарын білдіріп, жыл лебіздерін жеткізді.

Асқар САҒЫНДЫҚ

Суреттерді түсірген Азамат ҚАНАПИЯ