9.11.2020, 10:38
Қараулар: 38
«Қызыл Жарты Ай» жаңа жоба бастады

«Қызыл Жарты Ай» жаңа жоба бастады

«Қызыл Жарты Ай» қоғамдық бірлестігінің Батыс Қазақстан облысы филиалының директоры Светлана Тенишева өткен аптада ауданға жұмыс сапарымен келді. Тұрғындар арасында коронавирустық инфекциядан сақтану жолдары жайында ақпараттандыру бойынша жаңа жобаны қолға алған бірлестік облыс көлемінде аталмыш жұмысты жүзеге асырды. Осы жүздесуде де С.Тенишева жеке гигиена, қорғаныс құралдары, аурудың алдын-алу туралы жадынама таратып, халықпен ақпараттық-түсінік жұмыстарын жүргізуде еріктілер қызметінің маңыздылығына ерекше тоқталды. Сондай-ақ ол осы қоғамдық бірлестікті ауданда жұмысын бірнеше жыл жүргізген зейнеткер Әмина Жанғалиеваны құттықтап, филиалдың атынан алғыс хат пен гүл шоғын табыстады.

Кездесу барысында барлық  қатысушылар сақтық шаралары мен арақашықтықты сақтап, бетперде мен қолғапты, санитайзерді дұрыс қолдана білу, адам ауырғандағы алғашқы көмекті қалай көрсету үйретілген шағын тренингке қатысып, оз ойларымен бөлісті.

Л.САМАТҚЫЗЫ