9.11.2020, 10:41
Қараулар: 73
Шынайы ақпарат — газетте

Шынайы ақпарат — газетте

«Жайық таңы» газетiнiң тұрақты оқырмандарының арасында аға ұрпақ өкілдері де, рухы асқақ ардагерлеріміз бен ата-апаларымыз да, ел ағалары мен ардақты аналарымыз да, бастамашыл жастар да бар екенін біз, басылым редакциясы мақтана айтамыз. Жуырда олардың қатары тағы толықты. Енді Қабыршақты ауылындағы 50 отбасы апта сайын аудан жаңалығының жаршысы, ел арасындағы мәселелерді бүкпесіз жарықтандыратын төл газетті алдағы жартыжылдықта үзбей алатын болды. Мұндай мүмкіндікті оларға жерлес кәсіпкер Темірболат Қаржауов берді.

Өз қаражатына он емес, бірден елу отбасын аудандық газетке жаздырған ол бұрыннан да атамекен-ауылдағы біраз жақсылықтарға ұйытқы болып жүр. Атап айтар болсақ, осыдан екі жыл бұрын бой көтерген балалардың ойын алаңы – қайырымды азаматтың туған ауылына тартуы. «Газеттің іргелі оқиғаларды, көкейкесті мәселелерді жазатыны баршамызға мәлім. Қазір әлеуметтік желі, ғаламторда қаптаған ақпарат. Бірақ шынайы ақпарат көзі – газетте. Сондықтан басылымның беделін көтеріп, әрі ауылдағы әл-ауқаты төмен отбасыларға да аудандық газетті алғанын жөн көріп, осы істі қолға алдым. Оқырманы көп болуы үшін газетті кеңірек насихаттау керек. Өзге де қалталы азаматтар осы үрдісті қолдап, ауылдағы әр үйге төл басылымымыздың жеткізілуіне үлес қосады деген ойдамын», – дейді жомарт жан.

Әсем ЕСБЕК.

 

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар