9.11.2020, 10:45
Қараулар: 36
Құрылыстың сапасы назарда

Құрылыстың сапасы назарда

Кеше ауданда облыс әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов жұмыс сапарымен болды. Аудан орталығында бой көтерген мектеп гимназиясының құрылысымен танысты. Құрылыс жұмыстары тәмадалуға таяу бұл орында бүгінде жұмыстар тоқтаусыз жүруде.

Гимназия директоры Светлана Қошанқызының айтуынша, мектептің ішкі жұмыстарынан спортзал мен концерттік залдарын әктеп сырлау жұмыстары қалған, онымен күні түні айналысып жатқан жұмысшылар бар. Мектеп гимназия жанындағы интернат кешенінде де бітпеген шаруалар бар екен. Мысалы, бөлмелердің ішкі әрлеу жұмыстары аяқталғанымен, жатар орындары дайындалмаған. Осыны назарға алған облыс әкімінің орынбасары көрсетілген уақытқа дейін жұмыстарды аяқтауды тапсырды.

Сонымен қатар аяқ жолдағы төсемелердің сапасын сынға алға алған ол барлық кемшіліктерді түзеп, аяқталуын қадағалауды құрылысқа жауапты басшыларға ескертті.

Асқар САҒЫНДЫҚ