9.11.2020, 11:06
Қараулар: 21
Діңгегіміз – асыл дін

Діңгегіміз – асыл дін

Жұмыр басты пенде болып өмірге келген соң, Алла тағаланың берген сыйымен , өзіңді  Алланың құлы ретінде жалбарынып, жәрдеміне сүйенгенің абзал. Қазақта «Алла бір берсе, молынан береді» деген жақсы сөз бар. Осы сөзге бой ұсынып, Алла берген сыйымен өмір сүріп келемін.  Кітабым – Құран, Алладан басқа Құдай жоқ, Мұхаммед – оның құлы, әрі елшісі деп иман келтіріп жүрген көп жанның бірімін.

Асыл дініміз арқылы бойымды таза ұстап, жамандықтан қашық жүргенімнің арқасында ұрпағымды тәрбиелеп келемін.  Күнделікті өмірде діни ілім- білімнің арқасында көп нәрсені ұғындым десем, артық айтқаным емес. Мешіт жамағатымын, керек деген ілімді осы имамдардан алып отырамын. Дәстүрлі дініміздің Әбу Ханифа мазхабының ілімін басшылыққа ала отырып, діни рәсімдерге бой алдырып,  талаптарын орындап жүрмін.  Иман бар жерде тазалық барын,  үлкенді сыйлау,  дөрекілікке бой алдырмайтынын жақсы сезінемін. Осы жерде айтпағым, діни білімді, санаңды мазалаған сауалға жауапты әлеуметтік желі, интернеттен, бейтаныс адамдардан іздеп қажет емес. Асыл дініміздің діңгегі, имандылықтың ордасы – мешітке келіңіз. Осындағы имамдар ғана адамзатты мейірім мен шапағатқа жетелейтін хақ дініміз – исламның негіздеріне үйрете алады.

Бақыт та, байлық та бойында иманы бар адамға қонады. Иманым кәміл, сөзім дұрыс, ойым бүтін болса,  Абай данышпан айтқандай,  толық адам санатында болғаным ләзім. «Жақсы сөз – жарым ырыс» дейді халқымыз. Діннің тұтастығы, елдің бірлігі жолындағы әр жанның ісі қайырлы болсын.

Берікбек САМАТ

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар