9.11.2020, 11:14
Қараулар: 36
«Тіл – татулықтың тірегі»

«Тіл – татулықтың тірегі»

«Егер тілім бүгін өлетін болса, онда ертең менде өлемін» деп,авар ақыны Р.Ғамзатовтың айтқаны бар. Осы бір қанатты сөздің астарында түсіне білген жанға үлкен мағына, ұлағат бар.

Біз ана тілімізге қаншалықты құрмет көрсетіп жүрміз? Қайтсек, мемлекеттік тілдің аясын кеңейтеміз деген ой-толғамдар ортаға салынып, ана тіліміздің бүгінгі қоғамдағы қадір-қасиеті сөз болған «Тіл – татулықтың тірегі» атты шараға облыстық тілдерді дамыту басқарма басшысының міндетін атқарушы Светлана Ғаниева мен аудандағы тіл жанашылары қатысты. Елдігіміздің діңгегі – тіліміздің мәртебесін асқақтатып, оның қадірін жас ұрпаққа ұғындыруда ат салысып жүрген бірқатар азаматтарға шара барысында облыстық тілдерді дамыту бөлімінің басшылығы атынан алғыс хат табысталды. Атап айтқанда, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, еңбек ардагері Тілес Жазықбай мен Қазақстан Ақын-Жыршылар одағының мүшесі ақын Сағынтай Бисенғалиев, облыстық онлайн шаралардың қортындысында оза шапқан оқушылар марапатталды.

Ә.ОРЫНҒАЛИ