16.11.2020, 10:01
Қараулар: 21
Балықшыны құтқарды

Балықшыны құтқарды

Қарашаның қара суығы да келді. Енді Жайық, Бағырлай, т.б. өзендерде мұз тұрып, қата бастайды. Осындайда сақтанбаудан қайғылы оқиғалар болып жатады. Осының бәрі балықшылардің синоптиктердің болжамдарын ескермегенінен, қауіпті бағаламағанынан орын алуда. Кейбіреулері  балық аулауға шыққанда тіптен тексерілмеген, ақаулы жүзу құралдарын қолданады.

2020 жылғы 9 қарашада 06 сағат 55 минутта Ақжайық ауданы Алғабас ауылынан 30 шақырымда орналасқан Кирове су қоймасында түнде қайықпен шығып оралмаған балықшы туралы ақпарат түседі. Абырой болғанда, облыстық төтенше жағдай департаменті құтқарушыларының күшімен балықшы 13 сағат 05 минутта қамыстардың арасынан табылыпты.

Еске сала кетейік, облыс аумағында биыл 3 балықшы суға батып, 6 адам құтқарылған, ал былтыр осы кезең аралығында 8 балықшының ажалы судан болып, екеуін дер уақытында тауып алған.

Салқын түскеннен кейін қайықпен жүзу өте қауіпті, сондықтан бұл кезеңде су көлігін қолданбаған, күмәнді жерлерге балық аулауға бармаған жөн.

Еламан Кенжеғали,

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар