16.11.2020, 10:13
Қараулар: 22
Індетті жеңу үшін тәртіп керек

Індетті жеңу үшін тәртіп керек

Тәртіпке бағынған құл болмайтыны бесенеден белгілі. Дегенмен карантин талаптарын орындамай, шектеулерге шекесінен қарайтындар бар арамызда. Бақылауды күшейту, сақтықты сақтау мақсатында құрылған 19 мониторингтік топ аудандағы карантин режимінің сақталуы, дәріханалардағы дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі мен бағасын қадағалау, мектептердегі сақтық шараларының сақталуы бойынша жұмыстануда.

Чапаев ауылында құрылған мониторингтік топтың дәріханаларда тексеріс жұмыстардың жүргізу нәтижесінде 4 дәріханада және Тайпақ ауылындағы 2 дәріханада құқықбұзушылықтар анықталмаған. Карантин режимін қадағалау нәтижесінде мониторингтік топ 66 және жергілікті полиция қызметі 56 карантин талаптарын бұзу фактілерін анықтап, фото және бейнежазба дәлелдемелерімен аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына жолдады. Анықталған 122 құқықбұзушылықтың 65-не әкімшілік хаттама толтырылып, 3 504 440 теңге көлемінде айыппұл салынды. Мониторингтік топтар ауданда орналасқан 18 тойхананың да жұмысы қадағалауда

Сонымен қатар көпшілік шаралар ұйымдастырып, шектеу талаптарын бұзу туралы  хабарлағандарға 20 000 сыйақы беріледі. Ол үшін полиция бөлімінің 102 нөміріне хабарласу қажет.

Ауылдық округтерде көпшілік тұрғындардың қатысуымен өткізілген шектеу талаптарын бұзу фактілері:

Ауылдық округ атауы Анықталған кемшіліктер Қабылданған шара
1 Жаңабұлақ Ауыл тұрғыны өз үйінде үйлену тойын өткізген 41670 теңге айыппұл салынды.
2 Сарытоғай Жанама ауылында ауыл тұрғыны үйлену той өткізген. 41670 теңге айыппұл салынды.
4 Чапаев Ауыл тұрғындары өз үйлерінде  сырға салу рәсімін, үйлену тойын өткізген. 41670 теңге айыппұл салынды.
5 Чапаев Алкомаркеттін сағат 23:00-ден кейін қызмет көрсеткен 318 470 теңге  айыппұл салынды.
6 Құрайлысай Сайқұдық ауылының тұрғыны той өткізген 41670 теңге  айыппұл салынды.