16.11.2020, 10:29
Қараулар: 39
«Ашық қоғамға – ашық архивтер»

«Ашық қоғамға – ашық архивтер»

Өткен аптада ҚР  Президенті Архивінің Батыс Қазақстан облысындағы күндері бойынша онлайн форматта дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге БҚО мемлекеттік архиві, БҚО аудандық мемлекеттік архивтері, ҚР Президенті Архиві және гуманитарлық бағыттағы жоғары оқу орындарының өкілдерімен бірге біздің аудандық архивтің қызметкерлері де  қатысты. Алдымен  мұрағат істерінің өткені мен бүгініне шолу жасалған бейнефильмнен басталған бұл шарада  ҚР Президенті Архивінің директоры Ж.Әбдікадырова тәжірибе бөлісті. ҚР Президенті Архиві мен БҚО мемлекеттік архиві коллекциясынан «Ұлы Отан соғысы тарихы бойынша аса құнды құжаттар» атты бірлескен тарихи-құжаттық көрмеге онлайн-шолуды Ақжан Исаева жүргізді. Осында ұсынылған ресми құжаттар,  хаттар, хаттамалардың түпнұсқасы осы архивте сақтауда тұрғанын айтып кету керек. Тарих ғылымдарының кандидаты Бақтылы Боранбаеваның Ұлы Отан соғысына қатысқан оралдық қазақ қыздарының ерлігі жөнінде слайдта 25-ке жуық қазақ қыздарының Ұлы Отан соғысына қалай аттанғаны, олардың ерліктері толық көрсетілген.

Сталинград майданының шебінде болған Бөкей орда ауданы туралы Айболат Құрымбаев баяндаса, «Қазіргі кезеңдегі архив ісі: мәселелер, тәжірибелер, инновациялар» атты II Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияның материалдарымен Қайрат Әлімғазинов таныстырды. Осыдан кейін рхив ісі бойынша мемлекеттік архивтер жұмыстарының негізгі бағыттары: нормативтік-әдістемелік база және тәжірибе семинарына ұласқан жиында «Ведомстволық архивтермен жұмыс»  барысы туралы Жәнібек Зейнелов баяндады.

Архивтік құжаттарды уақытында есепке алу және сақтау жөнінде Гаухар  Бекішева түсіндірсе, архив құжаттарын пайдалануды ұйымдастыру жайын Ақжан Исаева толық сараптады. Архивтегі құжаттар ескі, бірақ оларды сол қалпында сақтау үшін медициналық қолғап киіп, ақырын, ұқыпты пайдаланылуын қадағалау қажет. Сонымен қатар заманауи техникалардың көмегімен құжаттарды электрондық форматқа көшіруге қажеттілік туралы да біраз айтылды.

Семинарға қатысушылар сұрақтар қойып, архив жұмысының қыр-сырын толық ашқан шараны ұйымдастырушыларға ризашылық білдірді.

 Айдана ОРАЗОВА,

аудандық мемлекеттік архив маманы