16.11.2020, 10:31
Қараулар: 21
Ағайынның бірлігін айт

Ағайынның бірлігін айт

Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген сөз бар. Өткен қазан айының жайма шуақ күндерінің бірінде ағайын болып бірлесіп, сауапты іске ұйытқы болды. Ауылымыз аралас, қойымыз қоралас болып, тату тәтті ғұмыр кешкен ағайындарым – Усақ атамыздың үш ұлы Сәбит, Кеңес, Бақытжан ағаларымның ұл-қыз, келіндері барлық немере-жиен, шөберелерін жинап,  үш атаның балалары бас қосты. Олар Жолап ауылындағы зират басына барып, ата-бабалары басына топырақ салып, мал сойып, садақа берді.

Құдайға шүкір, өсіп өнген ағайынның бастарын құрап,  бір жерге жинауда күш біріктірген Әміржан ағам мен Сұлушаш жеңгем, Ғалымжан інім мен  Балжамал келінім шашырап жүретін кей ағайынға үлгі болса екен деимін. Ата аруағын ардақтаған осы бір жандарға аруақтар разы болып, бір аунап жатқаны анық. Қай істе де ауызбіршілікте болса, ағайынның бірлігі арта беретіні сөзсіз. «Бөлінгенді бөрі жейді, бөлінбеген нәпақасын теріп жейді» деп бекер айтпаса керек.

Зоя ЕРАЛИЕВА

Зейнеткер ұстаз.

ЧАПАЕВ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар