16.11.2020, 10:34
Қараулар: 24
Кеміргіштен келетін кесел

Кеміргіштен келетін кесел

Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба (БСГҚ) адамға кеміргіштер тобына жататын тышқандардан жұғады.

Жұқтыру жолдары: тағам арқылы – кеміргіштердің нәжістері және несептерімен ластанған тағамдарды пайдаланған кезде, шаң-тозаң арқылы – кеміргіштердің бөлінділерімен ластанған шөп, сабан, бидай дәндері тасу, еден сыпыру, жапырақтарды қопсыту кезде, қарым-қатынас арқылы – адамдардың кеміргіштермен тікелей қарым-қатынаста болуы.

Аурудың негізгі клиникалық белгілері: дене қызуының 38-400С дейін көтерілуі, бас ауруы, әлсіздік, іш, бел аурулары, жүрек айну, құсу, шөлдеу, дененің көгеруі және денеде ұсақ қызыл дақтар пайда болуы, мұрынның немесе басқа да дене мүшелерінен қан кетуі, көру қабілетінің нашарлауы.

Сақтану шаралары: тағамдарды жабық ыдыста сақтау, уланған еліктіргіш, қапқандарды қолдану арқылы кеміргіштерді жою; кеміргіштер бөлінділермен ластануы ықтимал су, азық-түлік өнімдерін ыстықпен өңдеу; шөп, сабан, жеммен жұмыс істегенде, ескі құрылыстарды бұзған кезде ауызды қол орамалмен, дәке таңғышпен, тұмылдырықпен жабу; бөлмелерді шаңдатпай жинау; орманға қажетсіз бармау, шөп, ағаш, жеммен жұмыс істегеннен кейін қолды сабындап мұқият жуу қажет.

Ауруының алғашқы белгілері пайда болған жағдайда міндетті түрде дәрігерге қаралу керек екендігін ескертеміз!

Айгуль БУРАНОВА,

Ақжайық аудандық тауарлармен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының жетекші маманы