23.11.2020, 10:00
Қараулар: 85
Жеңіл жазаның қадірін білмеген түрмеге кетті

Жеңіл жазаның қадірін білмеген түрмеге кетті

Республика көлемінде қыркүйектің 7-сі мен желтоқсанның 1-іне дейін өткізілетін «Учаске» жедел-профилактикалық  іс-шарасын №2 Ақжайық аудандық пробация қызметімен Тайпақ полиция бөлісінің учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп ұйымдастыруда. Аталған шараның ауқымы кең. Әрі күтілетін нәтиже де жоғары. Негізгі мақсаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және қылмыстың жолын кесу, полиция мәртебесін көтеру мен халықпен тығыз қарым-қатынас орнату болып табылады.

Атап айтсақ, «Учаске» кезінде сотталғандардың тұрмыстық жағдайларын толық зерттеп, кіммен тұратыны, баспанасының бар-жоғы, жұмыспен қамтылуы анықталып, жаза басқандар және оның жақындарымен түсіндірме жұмыстары жүргізіледі

Нәтижесінде шартты түрде бас бостандығынан айырылған Тайпақ ауылында тұратын азамат Ж.-ның белгіленген жаза өтеу тәртібін бұзғаны анықталды. Ол сонымен қатар мекен-жайы бойынша тіркеу мерзімдерін бұзып, ережеге салғырт қараған. Тәртіпті көзіне ілмей, ескертулерге құлақ түрмеген осы азаматқа қатысты №2 Ақжайық аудандық пробация қызметі №2 Ақжайық аудандық сотына бас бостандығын шектеу жазасын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс түсірді. Сот отырысына №2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қайталап қылмыс жасауға бейім тұлғаларды профилактикалық бағытта қатыстырылды. Сот түскен ұсынысты қанағаттандырып, бас бостандығын шектеу жазасының өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырып, түзелмейтін қыңырды түзету орындарына жіберілді.

«Учаске» жалғасуда, алдағы уақтты  қылмыстың алдын алу үшін мекен-жайлар мен ойын-сауық орындары тексерілмек. Айта кетелік, №2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің есебінде бүгінде 18 азамат тұр.

Әліби КЕҢЕС,

№2 Ақжайық аудандық пробация қызметінің аға инспекторы,

әділет аға лейтенанты