22.10.2015, 11:04
Қараулар: 46
Тұмауға қарсы егіліңіз

Тұмауға қарсы егіліңіз

ЛоготипЖылдың суық кезеңі басталды. Осындай кезеңде тұмауратып қалуыңыз әбден мүмкін. Иммунитеті әлсіз, аурушаң жандар қыс бойы бір емес, бірнеше рет тұмау ауруына шалдығады. Енді көп ұзамай бұл кесел кең етек алса, ауырып қалу мүмкіндігіңіз бірнеше есе жоғарылайды.
Ауруды өткеруді жеңілдетіп, тұмаудан сақтап қалуға вакцина-ның көмегі жайлы естіген боларсыз. Ерекше қауіп төндірмесе де, аталған дерт жыл сайын бәріміздің басымыздан бір рет болса да өтіп, бір аптаға бізді сабақтан, жұмыстан қалдырады. Негізі вирустың әсеріне егуден өткен де, одан бас тартқан да түсе алады. Вакцина ауруды мүлдем болдырмайды емес, ол тек оның тез өтуін қамтамасыз етіп, асқынудан сақтайды.
Иә, вакцина шын мәнінде сізді эпидемия кезінде өршуден сақтап, ауруды тез әрі жеңіл өткеруге көмектеседі. Оқуын немесе жұмысын қалдырғысы келмейтін жандарға алдын-ала вакцина жасаған дұрыс.
Кішкентай бүлдіршіндер үлкендерге қарағанда тұмауды қиын өткереді. Сол себепті балаларға да екпе жасатқан дұрыс. Вакцина балалар арасындағы аурудың асқынуын 30%-ға төмендетеді.
Егер сіздің жұмысыңыз қоғамдық жерлерде болса, вакцинаны жасатып алған дұрыс. Балабақша балалары, мектеп оқушылары мен студенттер де екпеден өткені жөн. Біздің емханада қазан айы бойы тұмау вирусына қарсы екпе жасалуда. Жоспар бойынша 6 айдан – 1 жасқа дейінгі 397 балаға, 14 жасқа дейінгі диспансерлік есепте тұрған 750 балаға, 177 жүкті әйелге, диспансерлік есепте тұрған 700 ересекке, 100 медицина қызметкерлеріне тегін тұмауға қарсы екпке жасау көзделіп отыр.
Бұл есептен тыс, яғни ақылы егілгісі келетіндер үшін дәріханаларға дәрі түседі. Медицина қызметкерлерімен байланыс жасап, кеңесіп тұрғайсыздар.

Құралай БАЙКЕЕВА,
аудандық орталық аурухананың дәрігер статисті.