12.11.2015, 10:32
Қараулар: 46
«Білгірлер бәйгесі» сайысы

«Білгірлер бәйгесі» сайысы

ЛоготипМерекелі жылдың мән-маңызын жастар арасында жан-жақты насихаттау мақсатында «Жас Отан» Жастар қанатының аудандық бөлімшесі, «Ақжайық өрендері» жастар қоғамдық бірлестігі Алмалы және Мерген ауылы жастары арасында «Білгірлер бәйгесі» сайысын ұйымдастырды. Аудандық орталықтандырылған кітапхана ғимаратында ұйымдастырылған айтулы шарада сайыстың «Ата Заңым – теңдігімнің тірегі», «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды!», «Қазақстан – бейбітшілік бесігі»,
«Ұлт тарихы – ұрпаққа үлгі» кезеңдерінде қатысушыларға ел мен жер тарихы, тәуелсіздік жылдарындағы саяси-әлеуметтік оқиғалар, құқықтық реформа қадамдары, сондай-ақ түрлі ұлт өкілдерінің салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы хақында сан алуан сауалдар берілді. Бұл күннің ұзақ есте қалары сол, онлайн арқылы өңі-ріміздегі танымал жастардың, еліміз аймақтарында оқитын жерлес студенттердің сауал жолдаулары болды. Мысалы, республикалық «Жас қанат» байқауының бас жүлдегері, халықаралық, республикалық конкурстардың лауреаты әнші Дәуренбек Мерғалиев, БҚО жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нуршинов, «Жас Отан» ЖҚ БҚО филиалының төрағасы Нұрғали Жолдасқалиев, оның орынбасары Әділгерей Зұлхаров, танымал ақын Бауыржан Мұстафиев, «Жас Отан» ЖҚ ШҚО Зайсан аудандық бөлімшесінің жетекшісі Олжас Шәріппек, «КазИИТУ құрамасы» Жайдарман тобының белсенді мүшесі Қабдол Тілеков, облыстық «Приуралье» газетінің тілшісі Галина Самойлова, студенттер Нұрбек Құмарғалиев, Үміт Агадилова (Л.Гумилев атындағы ЕҰУ), Бекболат Қаленов (Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты), Ернар Мұхамбет (Құрманғазы атындағы саз колледжі) Жұбан елі жастарына құттықтауларын жеткізіп, тақырып-қа қатысты сауалдарын жолдады.

Тартымды өткен сайыс нәти-жесінде мергендік «Бірлік» тобы (Софья Алмешова, Нұралы Ғиният, Бибігүл Қожақова) жеңіске жетті. Алмалы ауылынан білім бәсекесінде бақ сынаған «Ынтымақ» тобы да (Айнагүл Нұрекешова, Дәметкен Хасанова, Алмагүл Ихсанова) жақсы нәтиже көрсетті.

«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айжан Нысанбаева сөз сөйлеп, қатысушыларға ұйымдастыру алқасының дипломдары мен сыйлықтарын тапсырды.

Болат ҚОСЖАНҰЛЫ.