10.12.2015, 11:23
Қараулар: 46
«Ана – Жер – Ананы» тұңғыш рет сахнаға шығарды

«Ана – Жер – Ананы» тұңғыш рет сахнаға шығарды

DSC_0090
Аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы халықтық драма театры тұңғыш рет «Ана – Жер – Ананы» сахнаға шығарды. Шыңғыс Айтматов повесінің желісі бойынша қойылған бұл әйгілі шығарманы қалың көрерменге ұсыну үшін әрине, жан-жақты  дайындық жүргізілді.
Ұлы Отан соғысының сұрапыл жылдарындағы ауыл-елге төнген ауыртпалықты көтерудегі жұртымыздың қайсарлығы, табандылығы, туған жерге махаббаты «Ана – Жер – Анада» өте терең суреттелгені мәлім. Бұл талай ұрпақты толғандырып, халық басынан кешкен небір зұлматты зердеден өшірмей келеді.
Бұл жолы да Толғанай ана (рөлде режиссер Күлім Алмұханованың өзі ойнады), «Жер – Ана» (Гүлсая Айтымбетова), Әлиман келін (Ақмоншақ Есетова), Сұбанқұл (Әнуар Нұрғалиев) және басқа байырғы кейіпкерлермен сахна арқылы дидарласқан көрермендерді ерекше тебіреніс баурады.

Бекем БЕКҰЛЫ. 

ЧАПАЕВ. 

Суретті түсірген  Нұрбек ИХСАН.