24.12.2015, 10:01
Қараулар: 47
Мүмкіндігі шектеулілерге арналған «Нұр» отауы

Мүмкіндігі шектеулілерге арналған «Нұр» отауы

DSC_0160Аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ғимаратына бұл күні келушілер қатары қалың болды. Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Нұр» отауының ашылуы әрине, тек олар емес, рухани игілік десе елеңдеп тұратындар үшін зор қуаныш екені анық.
Кітапхана жүйесі «Нұр Отан» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасына зор үлес қосуды назардан түсірген емес. Мұнда қайсыбір мүгедекке де әманда есік ашық. Ал енді міне, барынша жағдай жасалған «Нұр» отауы іске кірісті. Осында олар рухани байлықпен танысып, жаздырып алып және емін-еркін отырып, тынығатын бөлме де жасақталды. Осындай тамаша орынның ашылу салтанатында аудан әкімі Әділ Жоламанов кітапханашылардың ізденістеріне зор ризашылығын арнады. Айталық, отауда зағиптарға арналған облыстық арнаулы кітапханамен келісім-шарт негізінде диск, кассета, кітаптар алдыру көзделген. Бұл топтағы мүгедектер «брайл» ғарпімен оқылатын туындыларды да пайдалана алады.
Аудан басшысы жаңа отауға «Notebook» сыйлады.
Мүмкіндігі шектеулілердің осындай қуанышын Жұбан Молдағали-ев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының, Хамза Есенжанов атындағы облыстық балалар-жасөспірімдер кітапханасының, мүгедектер ерікті қоғамы бірлестігі аудандық филиалының өкілдері бөлісті. Мектептер оқушылары өнер көрсетті.

Жанесен ҚАЛАУ.

Суреттерді түсірген Нұрбек АСЫЛБЕКҰЛЫ.