4.10.2016, 16:42
Қараулар: 413
Қонақтар да ән салды

Қонақтар да ән салды

dsc_0069Қариялар күніне орай орталықтандырылған кітапханалар жүйесі Чапаевта мерекелік кеш ұйымдастырды.
Шараға шақырылған құрметті зейнеткерлеріміз Сәуле Назиева, Мәдина Өтешқалиева, Тәттіғали Жұмағалиев, Бәтес Кұл-барақова, Людмила Акутина, Гүлжамал Өтебаева, тағы басқалар, тұрақты оқырмандарымыз Сапаш Зейнекешев, Айтқұловтар, Досмұхамбетовтар отбасылары ерекше көңіл-күйде жиналды. Аталған оқырмандар жыл бойына 200-ден астам кітап оқыған және түрлі ортақ істеріміздің белсенді қатысушылары болып табылады. Олардың ұл-қыздарға көркем әдебиетті насихаттаудағы ұмтылыстарын ұжым әр-дайым ерекше бағалайды.
Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Роза Мусағалиева құттықтау сөз сөйлеп, зейнеткерлерге мерекелік сыйлықтар табыс етті. Жас оқырмандар М.Төкенова, А.Лайыққызы, т.б. ата-әжелеріне арнап мәнерлеп өлең оқып, би биледі, аудандық музыка мектебі-нің ұстаздары Талғат Дошиков, Заманбек Еркінов, Асылхан Сәрсенғалиев, Сәтжан Сеугалиев виолончель, баян, флейта аспаптарында музыкалық шығармалардан шашуларын тарту етіп, қонақтардың ризашылығына бөленді.
Жиналғандар осы ме-реке күніне арналған «Қарттарым – асыл қазынам» атты кітап көрмесімен танысты. Меймандар тәрбиелік мәні зор әңгімелерін айтып, халық әндерін шырқады.

Әйгерім НҰРСҰЛТАН.

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН.

Түсініктеме