13.10.2016, 9:29
Қараулар: 15
Заңнаманың тиімділігін күшейту мақсатында

Заңнаманың тиімділігін күшейту мақсатында

ЛогоипАғымдағы жылдың маусым айынан бастап Заңнама институты интернет-аккаунттар әкімшілігі ретінде қоғамнан келіп түсетін ұсыныстарды жинақтау, сараптау, жалпылау жұмыстарын жүргізуде.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың тапсырмасын орындау мақсатында қазіргі таңда құрылған жұмыс тобы аясында Әділет министрлігі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әкімшілік құқықбұзушылық туралы заңнаманың тиімділігін арттыру мәселелерін пысықтауда. Айталық, 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодекске қатысты ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Яғни, бұл заңнаманың орындалуы қалай, халықтың оған бағасы қандай?
Бұл азаматтарға, БАҚ және кез-келген мүдделі тұлғаға НҚА жобасының нақты нормалары мен ережелерін талқылауға қатысуға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексі құқық қорғау қызметі ретінде және құқық қорғаушылық ретінде де маңызды қызмет атқарады.
Бір жағынан ӘҚБтК қылмыстық құқықбұзушылыққа қарағанда қоғамға қауіптілік деңгейі бойынша әлдеқайда төмен құқықбұзушылықтарға мемлекеттің жедел әрекет етуіне мүмкіндік беретін қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті қорғаудың негізгі құралы болып табылады.
Екінші жағынан, ӘҚБтК мемлекеттік органдардың заңсыз іс-әрекетін тоқтатуға, әкімшілік құқықбұзушылық істері бойынша өндірісті іске асыру барысында мемлекеттік органдардың шешімдері мен іс-әрекеттеріне дауласу арқылы жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыстың қорытындысы бойынша әкімшілік-деликтілік заңнаманы жетілдіру және құқыққолдану тәжірибесінде туындаған жеке мәселелерді шешуге бағытталған заң жобасы дайындалады.
Заң жобасымен келесі міндеттерді шешу жоспарлануда: әкімшілік-деликтілік заңнаманы одан әрі ізгілендіру; әкімшілік-процессуалдық нормаларды жүйелеу; жекелеген әкімшілік-құқықтық және процессуалдық институттарды жетілдіру.
Заң жобасында көрсетілген міндеттерді жүзеге асыру келесі жолдармен жүргізіледі: қысқартылған іс жүргізуді қолдану саласын кеңейту (автоматты режімде жұмыс істейтін техникалық құралдар мен аспаптармен тіркелген әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша; қысқартылған өндіріске түскен субъектілер тізбесін кеңейту бойынша, баптың санкциясында айыппұлмен қатар ескерту жаза шарасы қарастырылған болса); судьяға, органға (лауазымды тұлғаға) жеңілдедетін мән-жайларды анықтау барысында мүмкіндік беретін нормаларды қолдану, оның ішінде заңды тұлғаларға қатысты әкімшілік айыппұлдың сомасы жалпы сомадан 30% дейін қысқарту; әкімшілік айыппұлдар мөлшерін төмендету, сонымен қатар жаңа айыппұлдар белгілеуге немесе қолданыстағы айыппұлдарды күшейтуге уақытша мораторий енгізу туралы мәселені пысықтау; жеке әкімшілік құрамының санкцясында жаза түрлерін оларды ізгілендіру пайдасына қайтақарау; тоқтата тұруға негіз болған бұзушылықтарды жою кезінде рұқсаттың және (немесе) рұқсатқа қосымшаның қолданысын мерзімінен бұрын қайта бастау тәртібін регламенттеу; «Қылмыстық іс-жүргізу» Кодексінің аналогы бойынша әкімшілік-деликтілік заңнаманың аясында кезекші судьяларды енгізу туралы мәселені қарастыру; «Азаматтық іс-жүргізу» Кодексі және «Қылмыстық іс-жүргізу» Кодексінің анологы бойынша кассациялық тәртіпте әкімшілік жауапкершілікке тартылған тұлғаға, жәбірленушіге немесе олардың заңды өкілдеріне шағым жасау құқығын бере отырып, актілерді қайта қарауға бастамашылық ететін адамдар тобын кеңейту; автоматты режімде жұмыс істейтін техникалық құралдар мен аспаптарымен тіркелген әкімшілік құқықбұзушылық туралы іс өндірістері рәсімдерін жетілдіру; ӘҚБтК-ге тиісті түзетулерді енгізу жолымен заңнамалық реттеуді қажет ететін құқықтық олқылықтар мен коллизияларды жою, т.б.
Осындай болатын өзгерістер мен толықтыруларды бәріміз де білгеніміз жөн.

Ақмарал НҰРЫМ,

аудан сотының кеңсе меңгерушісі.