29.11.2016, 17:34
Қараулар: 172
Қайырғожиндердің «Алтын ұядағы» жүлдесі

Қайырғожиндердің «Алтын ұядағы» жүлдесі

??????????????????????????????????????????????????????????????Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының қолдауымен «Өркен» қосымша білім беру орталығы Назарбаев зияткерлік мектебінде облыстық дәстүрлі «Алтын ұя» байқауын ұйымдастырды.
Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау, ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру, жанұя тарихы мен дәстүріне деген қызығушылықтарын дамытуды мақсат еткен шараға біздің ауданнан тайпақтық Қайырғожиндер отбасы қатысып, ІІІ орын иеленді.
Байқау «Отбасы таланттары» – шығармашылық үй тапсырмасы, «Ынтымақты отбасы» – презентациясы, «Бақытты жанұя – бақытты ел» фотокөрмесі, «Менің елім – Қазақстан!» – сурет салу акциясы бойынша өтті.
Бұл жанұя былтыр облыстық «Озат оқырмандар» байқауына түгел қатысып, І орынға ие болуымен танылды. Отағасы Серікқали Қайырғалиұлы өнерлі жандардың бірі, домбырамен ән салады. Аң терісін илеп, кәдеге жаратады. Зайыбы Майра Есенаманқызы балау-са шағынан мектеп қабырғасында өнерін шыңдап, сахнада танылады. Өмірде бұл оған зор сүйеніш болып келеді. Бүгінде Тайпақ мектеп-гимназиясында кіші қызметкер болып істейтін ол алуан тәрбиелік шаралардың бел ортасында жүреді, қоғамдық жұмыстарға белсене араласады. Көркем әдебиетті қызыға оқиды.
Олардың қыздары Алтын 9 сыныпта оқиды. Қосымша саз мектебінен білім алады. Домбыра, фортепьяно, шаңқобыз сияқты бірнеше аспапта ойнайды. Ән салып, би билейді. Суретті де шебер салады. Ұлдары Берік 5 сыныпта, кішісі Тамерлан 1 сыныпта оқиды. Берік спорт мектебінде қазақ күресіне қатысады, аудан, облыс көлемінде жүлделі орындарға ие болып жүр. Бос уақытында сурет салғанды ұнатады. Оқу озаты.

Минигүл ҚАЖЫКЕНОВА,

балалар шығармашылығы орталығының директорының оқу тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.