11.01.2017, 17:45
Қараулар: 66
Приходтағы құлшылық

Приходтағы құлшылық

dsc_0658Рождество мейрамына орай аудан орталығындағы үш қасиетті орыс православ шіркеуінің приходында құлшылық өтті. Жиналғандарды қастерлі күнмен аудан әкімі Әділ Жоламановтың атынан оның орынбасары Тілек Ғабдушев құттықтады.

Ол елімізде тыныштық пен бейбітшілік, ұлтаралық және дінаралық келісімнің салтанат құра беруіне тілектестігін білдірді. Рождество — бұл әлемнің жаңаруының, игілік пен әділдіктің, қайырымдылықтың және көмек пен қамқорлыққа зәру адамдарға шынайы көңіл бөлудің нышаны. Елбасы ел бірлігі біздің басты байлығымыз екендігін  үнемі айтып келеді. Сондықтан Мәңгілік елге жету жолында адамгершілік құндылықтарын насихаттаудың маңызы зор.
Бұл жарқын мереке қоғам өміріндегі жоғары адамгерші-лік бастамаларды нығайтатын өшпес рухани және мораль-дық құндылықтарды сақтауға ықпал етеді.
Қазақстанда православие қауымы басқа кон-фессиялардың қатарында еліміздің өміріне белсене атсалысып, халықтың бірлігіне, қоғамдық келісім мен дінаралық диалогқа баға жетпес үлесін қосып келеді.
Құлшылық етуге жиналғандар өздерінің ой-толғамдарымен бөлісті.
Уағызшы иерей Иоанн мейрам дұғаларын оқыды.

Борис МЫРЗАҒАЛИЕВ.

«Жайық таңы».

Суретті түсірген Нұрбек ИХСАН.