28.02.2017, 11:08
Қараулар: 16
“1 Майдың” күрес кілемінде

“1 Майдың” күрес кілемінде

Безымянный«1 Май» ауылында еркін күрестен 2003 – 2005 жылдары туған жасөспірімдер және 2006 – 2007 жылдары туған кіші жасөспірімдер арасында балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің ашық біріншілігі ұйымдастырылды.
Дәстүрлі бұл шараның ашылу салтанатында қатысушыларды балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Қанат Жазықбаев, Қабыршақты әкімі Саясат Сабырұлы құттықтап, сөз сөйледі.
Жарыста Бөкейхан Сүйеуғали (29 кг.), Өмірбек Қайырғалиев (38 кг.), Кенесары Қабдіреш (46 кг., Бітік ауылы), Тәңірберген Амангелді (32 кг.), Еламан Қанат (35 кг., Жайық ауылы), Бекзат Серікқали (32 кг.), Тілеген Сахипкереев (38 кг.), Тұрар Мұқситов (50 кг., Чапаев ауылы) І орынды иеленді.

Рулан ХАМЗИН,

балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы.