12.06.2017, 10:02
Қараулар: 36
«Сот кабинетінің» тиімділігі неде?

«Сот кабинетінің» тиімділігі неде?

Безымянный«Сот кабинеті» – сот органдарының сервисіне электронды түрде кіруге арналған «бірыңғай терезе» болып табылады. Азаматтар мен заңды тұлғалардың кез-келгені өзіне ыңғайлы уақытта, үйден немесе кеңседен шықпай-ақ, онлайн режімінде «Сот кабинеті» интернет сервисі (www.sud.kz) арқылы электронды түрде талап арыздарды (арыздарды) беруге, шағым, өтініш хаттарды жолдауға, сондай-ақ істің қаралу барысын бақылауға мүмкіндіктері бар.

«Сот кабинетіне» кіру үшін халыққа қызмет көрсету орталығынан электрондық цифрлық қолтаңба алу қажет.
Жеке немесе заңды тұлғалар, олардың өкілдері сотқа электронды құжаттарды «Сот кабинеті» сервисінде орналастырылған электронды нысандарды толтыру арқылы беруге құқылы. Бұл үшін олар осы сервисте тіркелуі қажет. Тіркелген тұлға электронды құжаттарды беру жүйесін пайдаланушы болып табылады. Сервисте авторлану ЖСН немесе БСН және пароль арқылы жүзеге асырылады. Құжаттарды заңды тұлғаның өкілі берген кезде авторлану БСН арқылы жүргізіледі.
Авторлану рәсімінен өткеннен кейін электронды құжаттарды беру сервисін пайдаланушылар сотқа талап арызбен; талапты қамтамасыз ету туралы арызбен; пікірмен; қарсы талаппен; іске кірісуі туралы арызбен; сот отырысы хаттамасына ескертулермен; сот отырысының дыбыс немесе бейнежазбасына және қысқаша хаттамасына ескертулермен; сот актілерінің көшірмелерін беру туралы арызбен; әділет органдарына атқару парағын жіберу туралы арызбен; сот актілерінің көшірмелерін (телнұсқаларын) қайталап беру туралы арызбен және басқа да өтініштермен жүгіне алады. Бізге сонымен қатар мемлекеттік органдармен әкімшілік істер жолдануда.
Осының бәрі азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерінің уақытын үнемдеуге және жол жүріп, табалдырық тоздырмай, интернет арқылы арызын, тағы да басқа құжаттарын жолдап, оны бақылауға мүмкіндік береді. Сотқа іске қатысушылардың ақпарат алуына да ыңғайлы, қолайлы.
Бұл азаматтардың сот жүйесі-не деген сенім деңгейін арттыру мақсатын көздеп, сот ісін жүргізу-ді жеңілдетіп, қағазбастылықтан арылуға көмектесуде.

Ақмарал НҰРЫМ,

Ақжайық аудандық сотының кеңсе меңгерушісі.