21.08.2017, 16:03
Қараулар: 9
«Жерұйықтан» зор әсер алдық

«Жерұйықтан» зор әсер алдық

DSC_0090Отандық тарихты жас ұрпақтың жүрегіне ұялату мақсатында Горячкин негізгі мектебінде біраз іс атқарылып келеді.
Ауданымыздың өткеніне қатысты бірнеше жылдан бері көптеген басылым жарық көрді, аудандық «Жайық таңы» газетінде дүркін-дүркін жарияланымдар басылып келеді. Осының бәрін оқып-үйренудеміз, туған жердің кешегісіне қатысты ізденуге оқушыларымызға бағыт-бағдар берудеміз.
Жуырда Алмалы ауылдық округінің Атамекен ауылында 7 сынып оқушыларымен бірге болдық. Осындағы «Жерұйық» өлкетану мұражайы өлкемізге таныс екені көпшілікке мәлім. Мұнда қойылған тарихи жәдігерлермен, атажұртымызда халқына қалаулы, еліне елеулі болған, жұрт игілігі үшін еселі еңбек еткен тұлғалардың өмірбаяндарымен, Атамекеннің жылнамасымен қызыға таныстық. Мұражайдың «Қазақ халқының құнды мұралары» деп аталатын бөлімінің берері мол. Немесе осындағы негізгі мектептің ұлдары жасаған қазақ баһадүрінің кіреуке сауыты, дулығасы қандай! Садақ, айбалта да ғасырлар тереңінен жеткендей. Сарайшық шаһарынан табылған ақша, сондай-ақ ер-тоқым түрлері білгенімізді молайтты, шәкірттерімізге терең тарихымыз жайында ордалы ой салды.
Ауылдарға мұндай сапарды әрине, алдағы уақытта жалғастыратын боламыз. Мұның жас ұрпақ тәрбиесінде алар орны зор.

Ахмад ИЛИЯСОВ,

Горячкин негізгі мектебінің тарих пәні мұғалімі.

Мойылды ауылы.

МЕРГЕН.