29.09.2017, 10:30
Қараулар: 69
Ардагер ұстазға қошемет

Ардагер ұстазға қошемет

G_635Аудан әкімі Әділ Жоламанов чапаевтық ардагер ұстаз Балым Хамзинаны қабылдап, оны 75 жасымен құттықтады.
– Жылдар жүзіндегі еңбегіңіз, оқытушылық қызметтегі жетістігіңіз кейінгі толқынға зор үлгі. Ел болып жеткен жарқын жетістіктерімізде сіздер-дей ақылшы аналардың үлесі зор. Қоғамдық сананы жаңғыртуда да Сізден үйренеріміз көп. Ұл-қы-зыңыздың, ұрпағыңыздың қызығын көріп, белсенді қалпыңыздан танбай, аман-есен жүруіңізге тілектеспін,-деді аудан басшысы. Ол мерейтой иесіне сый-сияпат тапсырды.
Қабылдауға қатысқан аудандық мәслихат хатшы-сы Сәлімгерей Сиражев, білім бөлімінің басшысы Бақыт Абдолова, экология және туризм орталығының басшысы Максим Үмбе-тәлиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Альмира Оразова, «Шуақ» әйелдер кеңесінің төрайымы Мәншүк Мәмбешова, ардагер ұстаз Шәмшия Имаққызы мерейгердің адами келбетін, жақсы қасиеттерін сөз етіп, лебіздерін арнады. Балым Хамзина аудан әкіміне, өзіне қошемет көрсеткен баршаға аналық алғыс айтты.
Аудан көлемінде ұйымдас-трылған іс-шаралардың ба-сы-қасынан табыла білетін Б.Хамзина Чапаев ауылдық әйелдер кеңесінің төрайымы, «Әжелер» ансамблін ұйым-дастырушылардың бірі. Отбасындағы 16 баланың төртіншісі ол ауылда пошташы, телефонист, аудандық радио торабында диктор қызметін атқара жүріп, Ақтөбе мәдени-ағарту училищесінен кітапханашы ма-мандығын, кейін Оралдағы пединституттан ағылшын тілі пәні мұғалімі маманды-ғын алған. Бай тәжірибесінен жас әріптестерімен күні бүгінге дейін бөлісіп отырады. Б.Хамзина аудандық кітапхананың тұрақты оқыр-маны, көркем әдебиетті белсенді насихаттаушы. Оның мерейтойына орай аудандық кітапханада кездесу ұйымдастырылды. Осында «Әжелер» ансамблі ән әуелетті.

Бекболат ҚАЛЕНОВ.

«Жайық таңы».

Суретті түсірген автор.