30.10.2017, 15:44
Қараулар: 43
Қариялардың алғысы

Қариялардың алғысы

Безимени-3Жамбыл ауылындағы М.Абдолов атындағы негізгі мектепте «Жас Ұлан» балалар және жасөспірімдер ұйымы игі бастамаларды жиі көтереді. Біз әрбір ортақ істі «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген, бірігіп өткіземіз.
Мәселен, қариялардың үйлеріне барып, көмек қолын созғанды жанымыз сүйеді. Жуырда ардагер ұстаздар Әзмұхан Уəлиахметұлы мен Ғайнижамал Сақыпкерейқызы, сондай-ақ Жанахмет Сарсентаев, Дариға Əсетова, Серік Тағыберлиевтың үйлерінің айналасын жинап, қысқа қамдану жұмыстарына көмектесіп, алғысқа бөлендік. Иә, титтей болса да маңайыңа жақсылық жасағанға не жетсін.

Әсел ТӘЖІДАЕВА,

7 сынып оқушысы.

ЖАМБЫЛ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар