31.10.2017, 11:25
Қараулар: 25
Кезектен тыс сессия

Кезектен тыс сессия

Безимени-3Аудандық мәслихаттың кезектен тыс, ХІІІ сессиясы өтті.
Осында жайылымдарды бас-қару және пайдалану жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған жоспарды бекіту туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Елеусінов, аудандық мәслихаттың аудан әкімдігі жанындағы құқықбұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссиясын құру туралы 2017 жылғы 9 маусымдағы № 10-14 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, мәслихаттың аудан әкімдігі жа-нындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері бойынша комиссия құрамы жөніндегі 2014 жылғы 10 қазандағы № 23-8 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, мәслихаттың аудан әкімдігі жанындағы «Қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші орган құрамы жөніндегі 2012 жылғы 7 қарашадағы № 6-2 шешіміне өзгеріс енгізу туралы, мәслихаттың құқықтық насихат және құқықтық жалпы оқыту жөніндегі үйлестіру-әдістемелік кеңесін құру туралы 2016 жылғы 18 мамырдағы № 3-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы, аудан әкімдігі жанынан тұрғын үй комиссиясын құру туралы әкім аппаратының ұйымдастыру жұмыстары және мемлекеттік қызметтер мониторингі бөлімінің басшысы М.Есеналиев хабарлама жасады.
Аудандық мәслихаттың аудан әкімдігі жанындағы жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты /конкурстарды, аукциондарды/ дайындау және өткізу комиссиясын құру туралы 2017 жылғы 10 наурыздағы № 9-14 шешіміне өзгеріс енгізу туралы жер қатынастары бөлімінің басшысы А.Елеусінов хабарлама жасады.
Тиісті шешімдер алынды.

(өз тілшімізден).

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар