22.11.2017, 16:48
Қараулар: 662
«Есептегілер» атты шара

«Есептегілер» атты шара

Безимени-3«Есептегілер» республикалық профилактикалық шарасына байланысты аудандық №1 пробация қызметі бас бостандығын айырумен байланысты емес сотталғандардың тарапынан болатын қылмыс-тардың, құқықбұзушылықтардың алдын алу, әкімшілік құқық-бұзушылықтарды уақтылы анық-тау жөнінде дүйсенбіден бергі қорытындыларды шығарды.
40-қа жуық есептегі тұлғалар тұрғылықты жері, жұмыс орны, оқу орындары бойынша байқасталып, тексерілді. Аталған профилактикалық шараның негізгі мақсаты жазасын өтеушілерді қоғамды және адам, азаматтар құқықтарын сыйлауға тәрбиелеу. Есепте тұрғандардың басым көбі-мен жеке әңгімелер өткізілді.
Қылмыстық әрекетті қайта жасауына жол бермеу, сотталғандардың жалпыға танылған әлеуметтік, моральдық және құқықтық нормаларды сақтауы жайында олардың қаперіне салынды.

Қуат БИЖАНОВ,

аудандық №1 пробация қызметінің аға инспекторы, әділет капитаны.