28.11.2017, 15:41
Қараулар: 54
Міне, азамат!

Міне, азамат!

БекжанБиылғы мамырдан №2087 әскери бөлімде, Бейнеу кентінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген ауылдасымыз Бекжан Ильясов осы аз ғана мерзімде айтулы жетістікке ие болып, туған жері – Қарауылтөбе ауылы жұртының мерейін асырды.
Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті Шекара қызметінің бұл бөлімінде, өзіне тиісті тапсырманы қырағылықпен, еңбекқорлықпен орындауының нәтижесінде Бекжанның ата-анасы Қадырғали Рахымғалиұлы мен Зоя Хизатқызына 2087 әскери бөлімнің командирі подполковник О.Васильевтің арнайы Алхысхаты келді. Отан шебін мінсіз, қапысыз күзету – айрықша міндет және парыз болып табылады. Бұл Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың сарбаздарымызға, сардарларымызға ерекше аманаты. Осы жайында айтыла келіп, Алғысхатта «…Осындай ұлдарыңыз Отан алдындағы борышын адал атқарып жүргенде, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы берік, аспаны ашық, жұрты тыныш, бақытты өмір кешеді деп сенеміз»,-деп жазылған онда.
Б.Ильясов әскери борышын жо-ғарғы дәрежеде атқарғаны үшін қыркүйек айында 10 күндік демалыс-қа ауылға келіп кетсе, ал жуырда «ІІ дәрежелі «Шекара қызметінің үздігі» медалімен марапатталды. Ол үшін 1 желтоқсан – ерек мереке кезіндегі бұл марапаттың жөні бөлек.
Иә, жігерлі, рухы биік, жүрегі жалынды азаматтарымыз барда, еліміз өркендей берері сөзсіз. Біз, қарауылтөбеліктер, осындай түлектерімізді мақтан тұтамыз, жастарға үлгі етеміз.

Нұрсая ЖАЛҒАСБАЕВА,

жастар ісі жөніндегі кеңесші маман.

ҚАРАУЫЛТӨБЕ.

Жаңалықтар

Басқа да мақалалар