7.12.2020, 9:57
Қараулар: 127
Маңдайалдыларға құрмет-қошемет

Маңдайалдыларға құрмет-қошемет

Тұңғыш Президент күні іргелі ауданымызда Қазақстанды әлемге танытқан, мемлекетіміздің тың тарихын жасаған Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың зор қызметін ұлықтау, қол жеткен жетістіктерімізді айшықтау мәнерінде аталып өтті. Індеттің таралауының алдын алу мақсатында кең көлемде мерекеленбесе де, аудан басшысы Қалияр Айтмұқамбетов атаулы күнге  орай бірқатар сала мамандарын марапаттады.

Ең алдымен жиынға жиналғандарды мерекемен құттықтаған ол өз сөзінде Тұңғыш Елбасымыздың жас тәуелсіз мемлекетімізді нығайтудағы орасан еңбегі, қысқа мерзімде жаһандық дәрежедегі қайраткерлікке көтерілуі жайында баяндады.

Сондай-ақ салтанатта 2014 жылғы «Мерейлі отбасы»  байқауының аудандық, облыстық сайысыннда жеңіске жетіп, байқаудың республикалық кезеңінде Елбасының қолынан көлік иеленген Бударин ауылының тұрғыны Нұрболат Сәндібеков ыстық естеліктерімен бөлісті.

Әдеттегідей, жылдың қорытындылары, маңдайалды ауылдастардың еңбегі қошеметтеліп, М.Өтемісов атындағы орта мектептің қосымша білім беру педагогі Жәнібек Әбілпейсов, Тайпақ орта мектебінің технология пәні мұғалімі Есбол Есен ҚР Білім және Ғылым министрінің алғыс хатымен, Абай атындағы мектеп-гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Әсел Ерментаева, «Бөбек» балабақшасының меңгерушісі Гүлжанат Қажғалиева, Тайпақ мектеп-гимназиясының мұғалімі Анаргүл Тотанова ҚР Білім және Ғылым министрінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Сондай-ақ аудан әкімінің алғыс хатына аудандық  статистика бөлімінің бас маманы Гүлнар Абдрахманова, Алмалы ауылдық округінің әлеуметтік қызметкері Гүлжан Ахметова, халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Әйгерім Әбдешова, ішкі саясат бөлімінің маманы Айжан Айтенова, аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің статист маманы Нұржан Зейнуллиев, Чапаев ауылдық округі әкімі аппаратының жетекші маманы Райгүл Сейтқалиева, жастар ресурстық орталығының маманы Айдар Елдесов, жұмыспен қамту орталығының маманы Динара Мүтиева, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция инспекторы Қуаныш Сұлтанғалиев, төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Рауан Қашқынбаев, аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бас маманы Мерхат Омаров, аудандық қазынашылық басқарма басшысының орынбасары Балқымбат Тапенова, газетіміздің фототілшісі Нұрбек Ихсан, Алмалы ауылдық округінің телім меңгерушісі Орынша Сүлейменова ие болды.

Ләззат ӨТЕГЕНОВА