7.12.2020, 10:15
Қараулар: 175
«Елін сүйген Елбасы»

«Елін сүйген Елбасы»

Ақжайық тарихи-өлкетану музейінде осындай атаумен өткен мерекелік шараға Ақжайық ауданы полиция бөлімінің басшылығы мен жеке құрамы қатысты. Алдымен қатысушыларды тарихи-өлкетану музейінің экскурсия жүргізушісі Юлия Нұрланқызы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмірбаяны мен саяси еңбек жолымен таныстырып шықты.

Жүздесуді ашқан аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары Дархан Темірғалиев құттықтау сөзінде: «Бүгін  аудандық полиция бөлімі барлық қазақстандықтармен бірге ерекше мереке — Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің күнін атап өтудеміз, — деді, — Бұл мереке тәуелсіз мемлекеттің негізін қалаушы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың айрықша еңбегіне құрмет ретінде белгіленді. Елбасының кемеңгерлігі мен саяси ерік-жігерінің арқасында қазақ елі көптеген қиындықтарды жеңіп, еліміз экономикасы қарқынды дамыды. Міне, бүгінде Қазақстан әлемнің азулы мемлекеттерінің қатарынан өз орнын ойып алды. Ел тарихына алтын әріптермен жазылатын 1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті мерекесі елдікті ту еткен халқымыздың асқақ арманы мен айбарлы рухының мерекесіне айналды».

Құттықтаудан соң Елбасы туралы деректі фильм көрсетіліп, артынша учаскелік полиция инспекторы Ердәулет Бисенғалиев Елбасының сүйікті әндерін орындап, полиция қызметкерлерінің мерекелік концерті ұйымдастырылды.

Әсел САҒЫН