14.12.2020, 16:48
Қараулар: 91
Індет бәсеңсіді дегенмен

Індет бәсеңсіді дегенмен

COVID-19 вирусынан туындаған індет бәсеңсігендей болғанымен, күн суыта келе науқастардың саны қайта арта бастады. Осы жағдайға байланысты қоғамдық жерлерде, сауда орындары, адамдар көп жиналатын жерлерде сақтық шаралары күшейтілуде. Қазіргі таңда ауданда ахуал қандай, вирус жұқтырған науқастар бар ма? Осы сауалдарды аудандық аурухана эпидемиолог-дәрігері Еркебұлан Беляковқа жолдадық.

Оның берген мәліметіне сүйенсек, қазан айынан бастап қазіргі сәтке дейін 27 науқас тіркелген, 1 адам қайтыс болды. Оның ішінде 4 жасөспірім: 2 оқушы Чапай ауылынан, 2-еуі Тайпақ аулдық округінен. Қалғандары ересек адамдар. Чапаев, Тайпақ, Бударин, Жаңабұлақ, Ақсуат, Есенсай, Алғабас ауылдарында ауру ошақтары анықталып, тиісті шара алынды. Аталған науқастармен қарым-қатынаста болған 87 адам ковидқа қарсы ПТР-сараптама тапсырды. Олардың 8-інен вирус анықталып, дәрігерлердің бақылауына алынды.

Жұқпалы аурулар бөлімшесінде қазіргі таңда 14 адам  ем қабылдауда.  Осы науқаспен байланыста болғандар қоңырау шалып, денсаулығына шағымданған жағдайда  арнайы бригада барып, көмек көрсетіп қайтады.

Ал ауруханадағы алдын алу жұмыстарына келетін болсақ, медициналық мамандар жеке бас гигиенасын қатаң сақтап, бет перде, қолғап, арнайы қорғаныс киімдерін киіп, жұмыс жасауда. Басты талаптардың бірі емделушілер жатқан бөлмені күнделікті және мұқият дезинфекциялап, тазалау жүргізіледі. Түрлі созылмалы аурулармен арнайы есепте тұрған емделушілерді қатаң бақылауға алдық. ЖРВИ және тұмау ауруларына шалдығып, ем алуға келген барлық науқастардан  коронавирусқа қарсы сынама алынады, сонымен қатар індеттің таралуының алдын алу мақсатында ситуациялық орталық тәулік бойы қызмет көрсетеді. Сондықтан аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде-ақ бірден осы орталыққа хабарласыңыз», – дейді Е.Болатұлы.

Ә.БИСЕНҒАЛИЕВ