14.12.2020, 17:08
Қараулар: 103
Абайға

Абайға

 

Әр сөзінен Абайдың бал тамады,

Оқыған әрбір адам тамсанады.

Тәрбиелі асыл сөз бен жыр жолдарын

Түйген сайын ашылар жан сарайың.

 

Ғашықтық, ілім, білім бәрі Абайда,

Табиғат, тылсым құдірет – ол да Абайда.

Халқының жоғын жоқтап, мұңын шерткен,

Халық та ұмытпайды ұлы Абайды

 

Ақын жыры жүрегіме жақын-ды,

Теңдесі жоқ Абай ұлы ақын-ды

Қара сөз, өлең-жырдың майталманын,

Ұмытпайық, қадірлейік дара ақынды

 

Өзі өлсе де, өшпеген асыл сөзі,

Ұқтырған өз халқына асыл ісін.

Өнегелі бес жаман мен бес жақсыны,

Мұра еткен ұрпаққа өшпес мәңгі.

 

Анастасия БУЯНОВА

9-сынып оқушысы

Базартөбе ОМ