21.12.2020, 9:56
Қараулар: 92
 «RED LINE» электроника дүкеніне қош келдіңіз

 «RED LINE» электроника дүкеніне қош келдіңіз

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында Чапаев ауылының орталығында «RED LINE» дүкені ашылып, тұрмыстық техника мен электроника әлемінің көкжиегі кеңіді. Аталған шараға арнайы аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетов, еңбек ардагерлері мен аудан тұрғындары қатысты.

Ауыл-елді мекендердің тұрмысының қалалыққа жақындағанын ерекше айта кеткен Қалияр Шадиярұлы ауыл тұрғындарын жаңа дүкеннің ашылуымен құттықтады. «Халық үшін атқарған игі бастама құтты болсын. Аудан тұрғындары қолжетімді әрі сапалы тауарларды таңдап алып, өз қажеттіліктеріне қарай сатып алуға мүмкіндік мол енді. Бұл да жақсы қадамның бірі. Сонау облыс орталығына бармай-ақ, осы жерден қалаған кез-келген бұйымды алатындай жағдай жасалған», – деп дүкен иесіне алғысын білдірді.

Тұрмыстық техника дүкенінің басшысы Анарбек Тілешов сөз алып, алдағы уақытта тұрғындардың игілігіне қызмет ету үшін қолжетімді бағамен тауарлардың жеткізілетінін айтты. Су жаңа бизнес нысанының лентасын еңбек ардагерлері Құрман Бисеғалиев пен Дүйсенбай Қарабалин қиды.

Дүкенде тоңазытқыш, теледидар, ұялы телефон, кір жуатын техника, шаң сорғыш, үй жиһаздары, ас үй тауарлары, газ-плиталары, т.б бұйымдардың алуан түрі бар. Сонымен қатар тауарларды «Еуразия», «Хоум кредит», «Альфа», «Халық» банктерінен несиеге рәсімдеп, әрі пайызсыз бөліп төлеуге  болады. Әр тауарға 1, ал кейбіреулеріне  3-5 жыл аралығында  тегін кепілдік беріледі. Дүкенде кез-келген банктың картасымен саудаласу да қарастырылған. Сондай-ақ нысан иесі ауыл тұрғындарына ыңғайлы «Утилизатор» бағдарламасын енгізген. Яғни ескі немесе істен шыққан техникаңызды осы дүкенге әкеліп тапсырсаңыз, жаңа тауарды  әкелген затыңыздың белгіленген құнын шегеріп  ала аласыз.

Айта кететін жәйт, ауданның әр ауылына және көршілес аудандарға тауарды  жолдың қашықтығына қарамастан жеткізіп беру тегін. Қазіргі таңда дүкенде барлығы 30 адам еңбек етуде. Ашылу рәсіміне орай тұрмыстық техниканың барлық түріне жеңілдіктер самсап тұр. Сапалы қызмет, тиімді бағалар, таңдау – мұның бәрі жаңа дүкенде бар.

Ашылу салтанатына келген Сәуле Аязби қуанышын жасыра алмады: «Маған жаңа дүкеннің ассортименті, қызмет көрсету сапасы ұнады. Бағасы да қаладағы кей дүкендерден төмен, қалтаға көп салмақ түсірмейді. Қазір тоңазытқыш пен үтік сатып алдым. Оған қосымша  дүкен иесі ет турағышты тегін сыйлық ретінде берді. Өте қуаныштымын. Техника дүкені сатып алушылар үшін бар жағдайды жасап отыр. Тіпті үйіңе дейін жеткізіп, тауарды орналастырып береді».

Л.САМАТҚЫЗЫ