21.12.2020, 10:10
Қараулар: 92
Халық саулығы үшін алдыңғы шепте

Халық саулығы үшін алдыңғы шепте

Аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімінде әскери міндеттілерге қошемет көрсетіліп, індет өршіген тұста ауыл-елдің тыныштығын сақтауға үлес қосқан ерлерге  төсбелгі табысталды.

ҚР Президентінің 2020 жылғы 15 наурызындағы № 285 «Қазақстан Республикасында төтенше жағдайды енгізу туралы» жарлығына және Батыс Қазақстан әкімінің 2020 жылғы 22-сәуіріндегі «Әскери міндеттілерді арнайы жиынға шақыру «туралы №77- қаулысына сәйкес  «Төтенше жағдай кезінде міндеттерін адал орындағандары үшін»  медалі 13 әскери міндеттіге бұйырды. Олар – лейтенент Ерлан Бегелдиев, кіші сержант Талғат Сарқұлов, ефрейтор Алексей Сухоруков, қатардағы жауынгерлер Асылан Жеткіз, Айбол Рауханов, Айбек Қалиоллинов, Ринат Құспанов, Дмитрий Кощиенко, Ержан Ниетқалиев, Бахтияр Хайруллин, Азамат Жадитов, Мирас Наурызбаев, Юрий Болдырев.

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтің қолы қойылған бұл марапатты аудан әкімі Қ.Айтмұқамбетов мақтаулылардың өңіріне тақты. Әскерде өз міндеттерін мүлтіксіз орындап, елге аброймен оралған олар елімізге төнген індетпен күрес кезінде де блок-бекеттерде саулығымызға қалқан болды.

Әли АРҒЫН